Қорытындылар

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы жыл сайынғы республикалық «Бір ел – бір кітап» – 2013 акциясы аясында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша өткен «Фариза Оңғарсынова жырлары шашқан шұғыла» атты Кітапханалық блогтардың Халықаралық байқауының қорытындысын шығарды.
«Оқырман үшін ең үздік кітапханалық блог» номинациясы бойынша
1 орын - ТЫҢДА МЕНІ  ЖҮРЕКПЕН... С. Баишев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жобасы
2 орын - МЕН ҚҰШТАР ӘЛЕМ Н. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жобасы
3 орын - ЖАУҺАР ЖЫР ПЛАНЕТАСЫ С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жобасы
«Үздік тақырыптық блог» номинациясы бойынша
1 орын - ЖЫР-ҒҰМЫР Г. Сланов атындағы Атырау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жобасы
2 орын  - СВОБОДЫ ЯРОСТНАЯ СТРАСТЬ А. Пушкин атындағы  Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жобасы
3 орын - ЖЫР ПАДИШАСЫ С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жобасы
«Ең дәстүрлі емес блог» номинациясы бойынша
1 орын - С ЗЕМЛЕЙ СТЕПИ СТИХИ МОИ В РОДСТВЕ Хромтау орталық аудандық кітапханасы (Ақтөбе облысы)
2 орын - ЖЫР ЖҰЛДЫЗЫ -ФАРИЗА АҚЫН Степногорск қаласының орталық аудандық кітапханасы (Ақмола облысы)
3 орын - ӨЛЕҢ, МЕН СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМ... Қобда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (Ақтөбе облысы)
Facebook желісіндегі ашық дауыс беруде С ЗЕМЛЕЙ СТЕПИ СТИХИ МОИ В РОДСТВЕ Хромтау орталық аудандық кітапханасының (Ақтөбе облысы) жобасы ең көп дауыс жинады. Құттықтаймыз!
Конкурс қатысушыларына естелік сертификаттар мен Фариза Оңғарсынованың қолтаңбасы бар «Ғашық жүрек» кітабы беріледі.
Ал жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы жүлделер беріледі: 1 орын - сканер Epson Perfection V37, 2 орын – BookReader, 3 орын – веб-камера және наушник. 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!










2 комментария:

  1. Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт пен ізденістеріңіз алдағы уақытта да биік деңгейлерге, толағай табыстарға жеткізуіне тілектеспіз.
    Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жылқы жылы тек жақсылықтар әкелсін!

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған блогтар әрдайым оқырмандар сұранысына ие болатын блогтар болсын. Өмірі мен өлеңі қатар өрілген ақын жырлары ұлдарымыз бен қыздарымызды рухтандырып, қанаттандырып, биіктерге жетелеп, шамшырақтай жарқырай берсін.

      Удалить